«Жағдай өте күрделі». Президент барған Атырау басшысы мәлімдеме жасады

1550
Adyrna.kz Telegram
Сурет: atr.kz
Сурет: atr.kz

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бірнеше күннен бері тасқын судың алдын алу жұмыстарына атсалысқан тұрғындарға алғысын білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Облыста су тасқынына байланысты жағдай өте күрделі. Атырау облысында бес өзен бар. Үшеуі Ақтөбе өңірінен, екеуі Ресей Федерациясынан бастау алады. Қазіргі таңда Ақтөбе облысынан басталатын өзендерге қатысты қауіп сейілді. Олар Сағыз және Ойыл өзендері. Жем өзені өз арнасынан шығып, кең көлемде жайылып, Құлсары қаласын қоршауға алды. Соның салдарынан екі мөлтек ауданға су кірді. Жүзге жуық тұрғын үйді су басты»,—деді аймақ басшысы.

Атырау облысының әкімдігі жағдай тұрақталған соң арнайы комиссия құрылатынын мәлімдеді. Олар келтірілген залалды есептеп, материалдық шығындарды төлеумен айналысады. 

Пікірлер