Қанат Ислам қарсыласын 10 секунд ішінде нокаутқа түсірді

2193
Adyrna.kz Telegram

Қанат Ислам 5 шілдеде қарсыласы доминикандық Хулио де Хесуспен жұдырықтасқан.

Олардың жекпе-жегі бокс кешінің басты оқиғасы болды, бірақ көрермендер жекпе-жекті тамашалап үлгермеді: қазақстандық қарсыласын бірінші раундтың оныншы секундында нокаутқа түсірді. Айта кетейік, Қанат Исламның бұл жекпе-жегі ұзақ уақыт үзілістен кейін болды. Бұған дейін ол 2017 жылдың қыркүйек айында рингке шыққан. Сол кезде қазақстандық боксшы Брэндон Кукті жеңіп, сол жеңісімен WBA Inter-Continental және WBO-NABO екінші дәрежелі титулдарын қорғаған, алайда кейін ол атақтарынан айырылып қалған.

Естеріңізге сала кетейік, орта салмақта Геннадий Головкин өнер көрсетеді.

 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер