"Жылаумен өтуде". Кен орнында жоғалған азаматтардың отбасына жалақы төленіп отыр

2149
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Майқайың-Алтын кен орнында жоғалып кеткен екі қызметкердің отбасына бүгінге дейін жалақы төленіп отыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Orda.kz-ке сілтеп.

Алайда отбасы оларға ақша емес, марқұмдардың мүрдесін тауып беруді сұрайды.

Жоғалған 36 жастағы құтқарушы Айдос Шаймерденнің артында ата-анасы, әйелі мен бес баласы қалған.

Жоғалып кеткен азаматтың әкесі қайғылы оқиғадан кейін екі рет инсульт алған. Марқұмды жоқтап Астанаға оның отбасы мен туыстары келген.

Айдос Шаймерденнің жеті жасар ұлы Ерсұлтан да Астанаға келген. Баланың айтуынша ол әкесінің астананы көрсетуге уәде бергенін есіне түсірді. Жарынан айырылған Нұсрұлу Шаймерден:

«Күніміз бен түніміз жылаумен өтеді. Қарт әкесі инсульт алған, ал анасының қан қысымы көтерілген. Жалғыз ұлы жоқ. Оны дұрыстап жерлей де алмадық қой», – деп жылайды.

4 қаңтар күні автобус апатынан екі адамның денесі табылды. Алайда құтқарушы Айдос Шаймерден мен құтқару жасағының жүргізушісі Айып Тілеубергенов мүрделері әлі табылмаған.

Өкінішке орай, жердің опырылып қалу қаупіне байланысты марқұмдардың денесін іздеу жұмыстары тоқтатылған.

Іздестіру жұмыстарын жалғастыру үшін Айдос Шаймерденнің туыстары облыстық прокуратураға хабар берген. Алайда ол жақтағылар сотқа арыз жазуға немесе одан әрі тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданғанша күтуге кеңес берген көрінеді.

Пікірлер