Жетісуда хабар-ошарсыз жоғалған қыздың денесі табылды. Оның тәнінде зорлық белгілері бар болып шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
20 жастағы қызды ел 14 шілдеден бері іздеп жатыр. Оның денесі қараусыз қалған үйден табылды. Марқұмда зорлық-зомбылық белгілері байқалғаны анықталған.
Полиция мәліметтерінше, ол алдымен зорланған.
"Кісі өлтіру және жыныстық қатынасқа итермелеу бойынша қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге деректер таратуға жатпайды", - деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.
Ұқсас жаңалықтар
Open Air: Қызылорда облысы полиция департаменті 20 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті
