Марқұмдардың ерлігі: ІІМ ерлікпен қаза тапқандар мен ардагерлерді марапаттады

1472
Adyrna.kz Telegram
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлер мен ардагерлердің есімі ұлықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында ел амандығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшылар мен айбынды ардагерлерге құрмет көрсетілді. Жиын барысында ІІМ министрі батырлар ерлігін ұмытпау керектігін айтты.

"Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні – рухы жағынан бір-бірін толықтыратын, ұрпаққа сабақ болатын қос тарихи күндер. Кешегі жау оғынан қорғаған майдангерлер, тыл еңбеккерлері және бейбіт заман батырларының ерліктерін ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз!" – деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Мерекелік шарада Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ардагер Құрмат Рахимов “Құрмет” орденімен марапатталды. Елді жудан қорғаған ақсақал бүгінде 100 жасқа толып отыр.

Одан бөлек, Тәуелсіздік жылдары қызмет бабында ішкі істер органдарының 800-ден астам қызметкері көз жұмғаны анықталды. Соның бірі 1993 жылы полиция ғимаратына жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру кезінде қаза тапқан Ішкі істер басқармасының аға инспекторы Анатолий Добрынин. Сондай-ақ жанындағы әріптесі Серік Оразалин де ерлік көрсеткен. Қос офицердің әрекеті жоғары бағаланып, мемлекеттік наградалар батырлардың әулетіне тек 31 жылдан кейін жетті.

"Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Архивтерді зерделейміз. Ерліктері бағаланбай, көлеңкеде қалып қойған батырлардың есімдерін ұлықтайтын боламыз!" – деді Ержан Саденов.

Пікірлер