Депутат не деген? Әкімнің ұлы мұрнын сындырған оқушының анасы айыппұл арқалады

1944
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда аудан әкімінің баласы ұрған қыздың анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Ауданаралық сот бала тәрбиесінде "ата-аналық міндетін орындамағаны үшін" деп соққыға жығылған қыздың анасына 51 688 теңге айыппұл салған.

Павлодарда әкімнің баласы оқушы қызды соққыға жыққаны туралы жазған болатынбыз. Білім вице-министрі Еділ Оспан бұл деректі растаған.

Желіде аудан әкімінің ұлы қызды 2024 жылдың қаңтар айының бірінші жартысында ұрып-соққаны туралы ақпарат тараған болатын. Жанжал салдарынан мектеп оқушысы - қыз баланың мұрны сынып, ауруханаға түскен.

Ал наурызда полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

«№ 8 мектеп-лицейінің оқушысы 6-сынып оқушысын ренжітіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, оны жанжалға итермелеген», - деп белгіледі құзырлы орган.

Іс материалдарында қыз бен оның досы баланың сыртқы түрі мен киімін келеке еткені көрсетілген. Соққыға жығылған мектеп оқушысының баланың сабаққа баруына кедергі келтіріп, сусынының бөтелкесін алып қойғаны айтылған.

Еске сала кетейік, депутат  Гүлжайна Дәрімова аталмыш кикілжіңге қатысты кішкентай қызды «баланы сондай эмоцияға жеткізген өзі» деп айыптаған болатын.

Пікірлер