Павлодарда АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Бір ұшқыш қаза тапты

200
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zIRLvyU47ZfH7a8v5qxx1CyJ0uQNDPFzlVq0y1VC.webp

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы бүгін Көлік министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға Железинка ауылы маңында болған. Ұшақ «Жеңіл және аса жеңіл авиация операторлары» заңды бірлестігіне тиесілі болып, авиациялық-химиялық жұмыстарды орындау барысында ұшып жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, ол электр желілеріне соғылған.

Бортта екі адам болған. Олардың бірі қаза тапқан. Екінші ұшқышты ТЖД қызметкерлері шығарып алған, ол есін біледі.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл авиациялық оқиға Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті тарапынан тергеледі. Оқиға орнына департамент қызметкерлері жіберілді», – делінген министрлік хабарламасында.

Пікірлер