Президент жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған шенеуніктің міндетін Берік Уәли түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Президенттің баспасөз-хатшысы Қанат Бозымбаевтың міндеті туралы мәлімдеме жасады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады", - деп жазды Берік Уәли желідегі парақшасында.
- Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Роман Васильевич Скляр;
- Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы - Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев;
- Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі - Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу;
- Премьер-Министрдің орынбасары - Тамара Босымбекқызы Дүйсенова;
- Премьер-Министрдің орынбасары - Серік Мақашұлы Жұманғарин;
- Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі - Нұрлан Серікұлы Байбазаров;
- Премьер-Министрдің орынбасары - Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев.
Бүгін Президент Жарлығымен Президент көмекшісі болған Бозымбаев жаңа қызметке тағайындалған болатын.