Премьердің жетінші орынбасары не бітірмек? Президенттің баспасөз-хатшысы түсіндіреді

2216
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-31-at-12.44.33-1.jpeg
Президент жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған шенеуніктің міндетін Берік Уәли түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Президенттің баспасөз-хатшысы Қанат Бозымбаевтың міндеті туралы мәлімдеме жасады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады", - деп жазды Берік Уәли желідегі парақшасында.
  1. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Роман Васильевич Скляр;
  2. Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы - Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев;
  3. Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі - Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу;
  4. Премьер-Министрдің орынбасары - Тамара Босымбекқызы Дүйсенова;
  5. Премьер-Министрдің орынбасары - Серік Мақашұлы Жұманғарин;
  6. Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі - Нұрлан Серікұлы Байбазаров;
  7. Премьер-Министрдің орынбасары - Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев.
Бүгін Президент Жарлығымен Президент көмекшісі болған Бозымбаев жаңа қызметке тағайындалған болатын.
Comments