Түркістан облысында кішкентай баланың денесі судан табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Каналдан табылған мәйіт 2019 жылы дүниеге келген балаға тиесілі болып шықты. Ол - Біртілек ауылының тұрғыны.
5 жасар бала 16 наурыз күні сағат 15:00-де үйінен шығып, қайта оралмаған.
Куәгердің сөзінше каналда бүлдіршіннің аяқ киімі табылған.
ТЖД мәліметінше, 16 наурызда сағат 16.40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтық жердегі судан шығарып алған.