"Аяқ киімі табылды". 5 жасар бүлдіршіннің денесі каналдан шығарылды

3179
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-17-at-21.06.19.jpeg
Түркістан облысында кішкентай баланың денесі судан табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Каналдан табылған мәйіт 2019 жылы дүниеге келген балаға тиесілі болып шықты. Ол - Біртілек ауылының тұрғыны. 5 жасар бала 16 наурыз күні сағат 15:00-де  үйінен шығып, қайта оралмаған. Куәгердің сөзінше каналда бүлдіршіннің аяқ киімі табылған. ТЖД мәліметінше, 16 наурызда сағат 16.40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтық жердегі судан шығарып алған.
Комментарии