Ел аумағынан шығудан жалтарған. Көкшетауда 5 пәкістандық азамат ұсталды

2569
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/7fbdc810d7cd0bd3c46a3f61d576498475a3bf77-960x500.jpg?token=db95af414526e0ac6ab7f98b17c6c0df
Көкшетауда елден шығудан жалтарған Пәкістан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп. 21, 36, 39, 41 және 42 жастағы Пәкістан азаматтары визада көрсетілген мерзімде Қазақстан аумағынан шығудан жалтарған. Олар заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің біріне 15 АЕК айыппұл салынған. Ал қалған төрт азаматқа қатысты құқық бұзушылардың материалдары шешім қабылдау үшін Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Оларға 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасы аумағына кіруге тыйым салынды.
Пікірлер