Қарағандыда ғимараттың жертөлесінен өрт шықты

755
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Қарағандыда екі қабатты ғимараттың жертөлесінде өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ТЖМ-ға сілтеп.

Оқиға Қазыбек би ауданында болған. Төтеншеліктер ғимараттың жертөлесіндегі ағаш қаптама жанып кеткенін айтады.

ТЖД күшімен ғимараттың 2-ші қабатының балконынан 5 адам құтқарылған.

Қзаір ғимараттағы өрт толығымен сөндірілді. Қызыл жалынды ауыздықтауға жеке құрамның 30 адамы және 7 техника жұмылдырылды.

Апаттан зардап шеккендер жоқ.

Ал өрттің алдын ала шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.

Пікірлер