"Тағдыр тәлкегі дейсіңдер ме?" - Түркияда зілзаладан құламай қалған жалғыз құрылысшылар ғимараты ашу тудырды

18700
Adyrna.kz Telegram

Айналасы "тып-типыл" болып жатқанда, қабырғасына сызат та түспеген құрылыс инженерлері палатасының ғимаратына қатысты түрік халқы наразылық білдіріп жатыр. Олар жер сілкінісін "тағдыр тәлкегіне" балаған билікті сынға алып, еш өзгеріссіз қалған қала құрылысына жауапты мекеменің ғимаратына көз сүзді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Жер сілкінісінің эпицентрі Кахраманмарашта түсірілген сурет ащы шындықты көрсетті. Әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, халықтың ашуын тудырып жатқан Ибретлик алаңына күмән көп. Аласапрыран болса да,  "құламайтын " ғимарат Құрылыс инженерлері палатасының Кахраманмараш өкілдігіне тиесілі. Айналасындағы барлық ғимараттар бұзылған, ал құрылысшылардың жұмыс үйі сол қалпында. Мұның назардан тыс қалуы мүмкін емес, - деп жазды "turkiyegazetesi".

 

Кахраманмарашта болған 7,7 және 7,6 баллдық жер сілкіністері 10 аймаққа әсер етті. Жер сілкінісі салдарынан мыңдаған ғимараттар қирап, ондаған мың адам қаза тапты.

"Адырна"  ұлттық порталы

Пікірлер