Бауыржан СЕРІКБАЙЕВ: ШҚО 1000-ға жуық Арыстықтарды қабылдауға дайын

2450
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте 37 мың адам үй кезегінде, 100 мың адам жер кезегінде тұр. Арыстың 40 мыңнан астам xалқына Шымкенттен баспана салып, жер өлшеп бере салу да оңай емес. Ең дұрысы қару-жарақ қоймасы толық көшіріліп, залал жоқ екеніне әбден көз жеткеннен кейін Арысқа оралу. Үкімет үйлерін жөндеп беремін деп отыр. Шығыс Қазақстан облысы 1000 азаматты қабылдауға дайын отыр. Арысқа оралуды қаламаған xалықты мемлекетіміздің xалқы аз өңірлерінен жер мен үй беріп қоныстандыру шаралары қолға алынғаны дұрыс. Солтүстікке, шығысқа келгісі келмесе Арысқа оралсын.

Ал, егер бүкіл Арысты Шымға көшіріп әкелсе жер мен үй кезегінде тұрған 150 мыңға жуық xалық көтеріледі. Әрине Арыс xалқын түсінеміз. Бірақ темір жолдың бойында орналасқан қаланың болашағы бар. Әскери қойманы көшіріп, түгел жауып, қауіпсіз жерге алып кеткеннен кейін Арысқа оралу ең дұрыс шешім деп ойлаймын. Халықты да түсінуге болады. Дегенмен мемлекет басқару да тауық ферма басқару деген сөз емес. Тұтас қаланы көшіріп әкелу үлкен шаруа. Бұл жағдайда мемлекет қауіпсіздік пен қираған үйлерді жөндеуді, қойманы толық көшіруді өз мойнына алып, xалықтың уақыт өте Арысқа оралғаны ең дұрыс шешім.

Бауыржан СЕРІКБАЙЕВ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер