Қазақстандағы ішкі туризмнің жағдайы қалай?

1513
Adyrna.kz Telegram
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Қазақстан - әртүрлі көрікті жерлері мен бірегей табиғи ландшафттары бар тартымды туристік бағыт. Қазақстандағы белгілі туристік орындарға Алматы, Астана, Шарын каньоны, Алтай таулары және Балқаш көлі және әйгілі Көлсай көлдері жатады.

Соңғы жылдары Қазақстан өзінің туристік инфрақұрылымын белсенді дамытып, шетелдік туристерді тарту үшін іс-шаралар жүргізуде. Мысалы, еліміз Қазақстанның туристік көрікті жерлері мен мәдениетіне назар аудару үшін түрлі мәдени фестивальдар, спорттық іс-шаралар мен көрмелер өткізеді.

Жалпы, ішкі туризм – ішкі мәдени, табиғи және тарихи көрікті жерлерді зерттеу және оны дамыту. Ол экономиканың маңызды саласы болып табылады және ішкі туризмді дамытудың елдегі жаңа жұмыс орындары мен курорттық және мәдени орталықтарын ашу арқылы Көлік және бөлшек сауда саласына да дамып, жетілуіне де әсері мол.

Туризмнің дамуы жолдар, қонақүйлер, мейрамханалар және басқа да туристік нысандар сияқты туристік инфрақұрылымды жақсарту –мәдени мұраны сақтауға, жұмыс орындарын құруға және жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартады. Жақында, Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылда елге келген туристер саны 2,3 есе өскені белгілі болды. Бұл дегеніміз қаңтар-наурыз аралығында Қазақстанға 227,7 мың шетелдік турист келген, нақтырақ, 130 мың адамға немесе 2,3 есеге көбейген. Сондай-ақ Қазақстанның өз ішінде 1 млн 348 мың қазақстандық саяхат жасаған.

Сонымен қатар жыл қорытындысы бойынша, Қазақстан туризмнің жаһандық рейтингінде 117 елдің ішінде 66-шы орынға жайғасқан.

Осы мақсатта Қазақстандағы ішкі туризмді ары қарай дамыту үшін өнерді, мәдениетті, ішкі туризмді, тарихи мұра объектілерін және шығармашылық индустрияны дамыту саласындағы ақпараттық-түсіндіру қызметін қамтамасыз ету елдегі осы салаларды дамытудың маңызды аспектісі болып табылады. Бұл өз кезегінде кесенелер, сәулет ескерткіштері және басқа да тарихи маңызы бар орындар сияқты Қазақстанның тарихи мұра объектілерін танымал етуге бағытталған.

Аталған салаларда ақпараттық-түсіндіру қызметін қамтамасыз етуде қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, мәдени орталықтар, туристік агенттіктер және басқа да ұйымдар маңызды рөл атқарады. Олар ақпараттық ресурстарды құру, шаралар қабылдау бойынша белсенді жұмыс істейді.

Осы тұста Қазақстандағы ішкі туризмді дамытуға ықпал ететін бірнеше шаралар мен бастамаларды атап өтсек:

Инфрақұрылым және қызметтер: қонақ үйлер, мейрамханалар, көлік қызметтері және көрікті жерлер сияқты туристік инфрақұрылымды үнемі жетілдіру туристерді көбірек тартуға көмектеседі. Сондай-ақ туристік маршруттар бағыттарын жоспарлау: тарихи қалалар, табиғи саябақтар, мәдени көрікті жерлер және ұлттық саябақтар арқылы саяхаттау сияқты әртүрлі туристік маршруттарды құру және ілгерілету – туристерге танылмаған тарихи орындарды нәсихаттау. Ішкі туризмде ескере кететін ең басты құндылықтың бірі – ұлттық мәдениетті ілгерілету. Мәдени іс-шараларды, фестивальдар мен көрмелерді ұйымдастыру арқылы ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді таныту – елдің бірегей мәдениеті мен тарихымен танысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, туристердің Қазақстанға деген қызығушылығын арттыра түседі;

Ауылдық туризмді дамыту. Бұл ауылдық жерлердің дамуына және жергілікті халықтың экономикалық әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етіп қана қоймай, ауылдық туризм мен агротуризмді дамытып, дәстүрлі қолөнермен және ауыл шаруашылығымен танысуға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, ішкі туризм шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды. Отбасылық қонақ үйлер, мейрамханалар және туристік агенттіктер сияқты көптеген туристік кәсіпорындар шағын және орта бизнес болып табылады. Бұл кәсіпорындардың дамуы жаңа жұмыс орындарын құруға және елдің әртүрлі аймақтарында экономикалық әл-ауқатты жақсартуға ықпал етеді.

Айта кетейік, Қазақстанда ішкі туризмді дамыту мақсатында шетелдік туристерді тартатын түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі. Олардың қатарына гольф, теннис чемпионаттарын атап айтсақ болады. Бұл турнирлерге қатысу немесе жарыстарды көру үшін Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен әуесқой спортшылар келеді. Сондай-ақ экстремалды спорт түрлері бойынша елімізде велосипед спорты, тау шаңғысы, парашют спорты және т.б. сияқты спорт түрлері бойынша түрлі сайыстар ұйымдастырылады.

Пікірлер