Медиаменеджер Сырым Итқұлов Астанадағы Орталық мешіттің атауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
"Adal adam" ютуб арнасына берген сұхбатта Сырым Итқұлов бас қаладағы мешіттің атауы кімге берілетіні туралы ойын айтты.
" Бәріміз білетіндей бірдеңе атын өзгертпесе, демек ол өз қожайынын күтуде деген сөз. Сөзімізге дәлел - Фурманов көшесі. Иә, біз көше Фурманов атауын күтіп тұрғанын бала кезімізден білдік, бір кездері бізге солай айтқан.
"Мешіт те дәл солай. Ол қалай аталды? "Бас мешіт"? Біздің брендинг атауларын жақсы көретіндер оны баяғыда-ақ "Нұр-Астана мешіті", "Нұр-мешіті" деп атаушы еді. "Әл-Хазірет Сұлтан" мешіті сынды атаулар бар. Бас мешіт жай ғана "бас мешіт" болып тұр. Міне, мұның бәрі бір-бірімен байланысты. Демек, ол өз құрылысшысын күтіп жатыр. Біреуді жерлейді, сосын "мешіт-кесене" аталады. Яғни, мұнда Стамбул нұсқасының бір түрі бар, иә", - деді ол.
"Мен бұл мешіттің тасын президенттік өкілеттігімнен бас тартудан бір күн бұрын қойдым. Мұсылман ретінде мен мешіт салуға бастамашылық етуді қасиетті борышым деп санадым. Бұл мешіт әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі. Мешіт жеке инвесторлардың қолдауымен бой көтерді. Құрылысқа ел бюджетінен қаражат алынған жоқ", - деді Қазақстанның тұңғыш президенті.