Шымкент полициясы қара халықпен қақтығысып қалды (фото, видео)

2093
Adyrna.kz Telegram

"Наразылық шеруге шыққан Арыстықтар үкіметтен  Шымкенттен баспана беруін талап етіп еді. Қазір тіптен Шымкенттегі жағдай ушықты. Ашынған халық қала көшесін басып алды.  Орталық көшелердің бәрі халықтың қолына көшті. Шымкент қаласының әкімі де Арыстықтарға басу айта алмай жатыр. Наразылық білдіргендерге полиция күш көрсетуді бастап кетті. Осы сәтте полиция мен қара халық қақтығысу үстінде" деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының журналисті Оңғар Қабден.

Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарылған болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер