Қарағандыда "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС аумағында цехтың шатыры өртенді,Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
ТЖД жоғары шақыру дережесі бойынша жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге жеке құрамның ТЖД 58 адамы және 16 техникасы жұмылдырлды. Алдын ала болжам бойынша өрт сөндірушілер сағат 07:52-де 400 шаршы метрге жайылған қызыл жалынды ауыздықтады.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, сағат 08:22 өрт түгелдей сөндірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Экология министрі жылап тұрды. Бұл көз жас – шарасыздықтың көз жасы. Алдарыңда ар соты, ұрпақ соты, тарих соты тұр деп жыла. Бәрін айтып жыла, елдің зарын айтып жыла.
Қарағанды колледждерінің студенттеріне ақпараттық қауіпсіздік шаралары мен құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірілді
