"Оразжан, серкесі едің Жетісудың..." Ораз Жандосовтың туғанына - 125 жыл

2886
Adyrna.kz Telegram

XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ тарихына терең із қалдырған көрнекті тарихи тұлғалардың бірі, мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтың дүниеге келгеніне биыл - 125 жыл, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ол 1899 жылы 20 ақпанда Қаскелең қаласы, қазіргі Жандосов ауылында дүниеге келген. 1918 жылы Верный ерлер гимназиясын бітіріп, революциялық жұмысқа қатысты. Жетісу совдепінің нұсқаушысы болып, жергілікті жерде Кеңес үкіметін нығайтуға атсалысады.

Жетісу облысы революциялық-әскери комитетін және облыстық «Қосшы» одағын басқарды. 1921-1923 жылы Түркістан КП ОК-інің үгіт-насихат бөлімінің екінші хатшысы болды.

1928-1937 жылы Қазақ АКСР ағарту халкомы, Қазақ ауыл шаруашылығы институтының директорлығымен қатар республикалық кітапхананың директоры болды.

Ұлтаралық қатынасты реттеуге көп еңбек сіңірді. БКП (б)-ның ХІІ және ХІV, КСРО Кеңестерінің екінші, жетінші, сегізінші съездінің делегаты болды.

1937 жылы тамызда партия қатарынан шығарылды да, жалған саяси айыппен тұтқындалды. 1938 жылы наурызда ату жазасына кесілді. 1957 жылы сегізінші маусымда ақталды. Қазақ ақыны Кенен Әзірбаев Жандосқа арнап өзінің «Оразжан» әнін шығарған. Республикамызда оның есімі көптеген елді мекендерге беріліп, Алматы қаласында бір көше Жандосовтың атымен аталып, ескерткіш қойылған.

Оразжан 

Оразжан, серкесі едің Жетісудың,

Жасыңнан талаптанып оқу қудың.

 Қош-аман бол, Оразжан.

Ер ағаң алдыңдағы Тоқаш елің.

Екеуің Жұбанышпен егіз тудың.

Қош-аман бол, Оразжан.

Биіктеп самолетпен аспанға ұштың,

Міне, енді арбаменен Ташкен көштің.

Қош-аман бол, Оразжан.

Қордайдың асуынан асырып сап,

Алпыстай дастарыңмен қош айтыстым.

Қош-аман бол, Оразжан.

1922

 

 

Пікірлер