Шешенстан президентінің 18 жастағы ұлы жаңа қызметке тағайындалды

1897
Adyrna.kz Telegram
Фото: The Insider
Фото: The Insider

Шешенстан президентінің 18 жастағы ұлы жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі The Insider-ге сілтеп.

Президент Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы Ахмат жастар істері жөніндегі өңірлік министр қызметіне тағайындалып, Қадыров орденімен марапатталды.

Жаңа министрдің марапаты туралы Шешенстан Парламентінің төрағасы Магомед Даудов желіде жазды.

Ахмат өзін кез келген іске жауапкершілікпен және сауатты көзқараспен ерекшеленетін тиімді басшы ретінде көрсетті! Осындай қысқа мерзімде ол көптеген есте қаларлық іс – шаралар ұйымдастырып, жастар саясатына айтарлықтай үлес қосты! Қымбатты жиенімді, Шешенстан Республикасының жастар істері жөніндегі министрі Ахмат Қадыровты "Қадыров" орденін алуымен құттықтаймын! «Техноспорт первых» спорт фестивалінің ашылу салтанатында Шешенстан Республикасының ең жоғары наградасын табыстағаныма қуаныштымын, – деп жеткізді төраға

"Қадыров" ордені - Шешенстанның ең жоғары наградасы.

Еске сала кетейік, 11 қарашада Ахмат Қадыров дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты бойынша республика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. Бұған дейін ол екі жыл бойы Бүкілресейлік балалар мен жастар қозғалысының шешен реготрациясы кеңесін басқарды.

Пікірлер