Әрбір министр, әкімнің жұмысы есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенеді - Тоқаев

3264
Adyrna.kz Telegram

"Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады". Бұл пікірді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

«Жуырда өткен Президент сайлауы – бұл халықтың бізге артқан зор сенімі және қолдауы. Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз. Сондықтан, сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады», - деді Тоқаев. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер