Мектеп-гимназия шаңырағына АҚШ.елшілігінен Лакиша Эдварс ханым және қалалық білім беру институтының әдіскер маман Петрова Лариса Борисовна келді.
Қонақтарды мектеп-гимназиямыздың оқушыларынан құрылған «Жас дәурен» оркестрі халық күйлерімен қарсы алды.Жетекшісі Данабеков Жайдар Жайырбекович.
Семинарды мектеп-гимназия директоры Қуатбеков Ерік Нұрғұмарұлы ашып, сөз сөйледі. Филология кафедрасының жетекшісі Жусупова Жанаргул Алибековна семинар тақырыбы мен мақсаттары және филология кафедрасының онкүндігі барысында өтіп жатқан іс-шараларға тоқталды.Америка елшілігінен келген халықаралық тренер Лакиша Эдвардс ханым Алматы қаласының ағылшын тілімұғалімдерімен тренинг өткізді.Мектебіміздің психолог маманы Қуанышбай Айжан психологиялық ахуалды орнату мақсатында «Көңілі көтеріңкі ұстаздардың еңбегі де жемісті» тақырыбымен тренинг жүргізді.
Семинардың практикалық бөлімінде ағылшын тілі мұғалімі Абдугаппарова Н.С. «Learn English through songs and music» тақырыбында коучинг-семинар,шет тілі пәнімұғалімдері Рахымжанова Г.Б 11В сыныбымен«Contraversial Issues», Оразова Ғ.С 10 В сыныбымен «Train your brain»;Батырханова А. 7А сыныбымен «Star school»;Асқар Назым-5 А сыныбымен «Fisherman and fish»;Ермекқызы Айерке 5 А сыныбымен «The magical world of Narnia» тақырыптарында ашық сабақтар өтті.
Қорытынды бөлімінде филология кафедрасы ұстаздарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
Семинарға қатысқан әріптестер мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларының өнерлерін тамашалап, өздерінің алған әсерлерін, пікірлерін айтып, кері байланыс жасады, ризашылықтарын білдірді. Семинар жоғары деңгейде өтті.