Алматы қаласында Мәжіліс депутаты, белгілі айтыскер ақын Ринат Заитовтың шығармашылық кеші өтеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қадірлі ағайын, дос-жаран, отандастар! Өздеріңізбен құдіретті өнердің арқасында бейресми сағынысып жолығудың сәті келді. Барлығыңызды 10 ақпан күні сағат 19:00-де Республика сарайында өтетін «Абайлаңыздар» атты поэзиялық ән кешіме шақырамын. Келіңіздер, мен сіздерді сағындым»,—деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін депутат жеке шығармашылық кешін мемлекеттен қаржы алмай ұйымдастыратынын мәлімдеген еді.