Қорғаныс министрі қайта тағайындалды

1191
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарламада.

1996 — 2006 жылдары ҚР ИМ ІӘ жеке құрама бастығының орынбасары - штаб бастығы, жеке жедел, арнайы моторландырылған полк, құрама командирі сияқты әртүрлі кызметтер атқарды.

Руслан Жақсылықов 2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

2007-2008 жж. – Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы.

4 қыркүйек 2008 жылы– Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысы.

22 қаңтар 2013 жылғы – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.

2014 ж. - генерал-лейтенант атағын алып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныңБас қолбасшысы міндетін атқарды.

19 қаңтар 2022 жылы — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер