Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарламада. 1996 — 2006 жылдары ҚР ИМ ІӘ жеке құрама бастығының орынбасары - штаб бастығы, жеке жедел, арнайы моторландырылған полк, құрама командирі сияқты әртүрлі кызметтер атқарды. Руслан Жақсылықов 2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары болып қызмет атқарған. 2007-2008 жж. – Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы. 4 қыркүйек 2008 жылы– Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысы. 22 қаңтар 2013 жылғы – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлердің бас қолбасшысы. 2014 ж. - генерал-лейтенант атағын алып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныңБас қолбасшысы міндетін атқарды. 19 қаңтар 2022 жылы — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.“Адырна” ұлттық порталы
Related news
NGO social initiatives are being implemented in Zhanaozen thanks to the support of JSC "Samruk-Kazyna".