Синоптиктер Қазақстанда 2024 жылдың 31 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі", - деді синоптиктер.
Қазақстан бойынша синоптиктер тұман, көктайғақ, боран мен желдің күшейеді деп болжайды.
Астанада-ауыспалы бұлт, түнде аздаған қар, күндіз қар, төмен қарлы боран. Түнде оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс жел 2-7, күндіз 9-14 м/с.
Түнде ауа температурасы – 19-21°С, күндіз – 6-8°С.
Алматыда бұлтты, жауын-шашын (негізінен қар), тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыс жел 2-7 м/с.
Ауа температурасы түнде – 3-5°С, күндіз 0,+2°С.
Шымкентте – жартылай бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (негізінен қар), тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыс жел 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде – 6-8°С, күндіз -1 + 1°С.
“Адырна” ұлттық порталы