Алматы облысында жаңа Алатау қаласы құрылады. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы президент жарлығының жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 9-бабына сәйкес Алматы облысы Iле ауданындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала қатарына жатқызылсын", - делінген Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қаулы жобасында.
Қалаға Алатау атауы берілмек.
Үкімет "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы" Президент Жарлығының жобасын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына ұсынбақ.
Жетіген – Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Жетіген ауылдық округінің орталығы әрі темір жол станциясы.
"Ашық заңды тұлғалар" сайтындағы талқылау 29 қарашаға дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Украина жерінде ұрысқа қатысқан қазақстандықтарға қатысты тергеу бастады
