Қырғызстанда президент сайлауы 2027 жылы өтеді. Бұл сайлауға қазіргі мемлекет басшысы Садыр Жапаров қатыса ма деген сұраққа президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Иә, президент Садыр Жапаров екінші мерзімге үміткер болады", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов 24.kg сайтына берген жауабында.
"Біздің еліміз үшін стратегиялық маңызы бар ұзақ мерзімді Халықаралық жобалар іске қосылатынын және жоспарланатынын ескере отырып, Садыр Жапаровтың екінші мерзімге сайлауға қатысуы саясаттағы дәйекті қадам болады", — деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Садыр Жапаров 2020 жылдың 10 қазанынан 2021 жылдың 21 қаңтарына дейін елдің премьер-министрі болған. 2021 жылдың 28 қаңтарынан бастап Қырғыз Республикасының президенті болып сайланды.
“Адырна” ұлттық порталы