Қонаевта 2024 жылдың 10 ақпанынан бастап автобустардың тарифтері өзгереді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Тарифтер: ұялы байланыс операторының қызметтері арқылы немесе жол жүруге арналған электрондық жол жүру картасы арқылы (қолма-қол ақшасыз төлем үшін) – 80 теңге; жол жүру ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 теңге. “Бұл өзгерістер қалалық автобус қызметін жақсартуға, оны жергілікті тұрғындар үшін тиімді әрі ыңғайлы етуге бағытталған”, - деп түсіндірді әкімдік.“Адырна” ұлттық порталы