Алматыда қару-жарақтың толық арсеналы сақталған қойма табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қару-жарақ қоймасы 24 қаңтарда табылды.
“Калашников автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды”, - деп хабарлады ҰҚК.
Мәлімет бойынша, табылған қару «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған.
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
“Адырна” ұлттық порталы