Алматыда қару-жарақтың толық арсеналы сақталған қойма табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қару-жарақ қоймасы 24 қаңтарда табылды. “Калашников автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды”, - деп хабарлады ҰҚК. Мәлімет бойынша, табылған қару «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.“Адырна” ұлттық порталы
Новости по теме