Су ресурстары және ирригация министрлігі алдағы төрт жылда су ресурстарын басқаруға шамамен 278 миллиард теңге сұрап отыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазТагқа сілтеме жасап.
«Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жалпы көлемі (Су ресурстарын тиімді басқару):
2024 ж. – 68 101 057;
2025 – 101 285 086;
2026 – 80 283 479;
2027 – 28 038 045», – делінген 20 қаңтарда ұсынылған бюджеттік бағдарлама жобасында.
Сипаттамаға сәйкес, «бюджеттік бағдарламаның негізгі шығыстары сумен жабдықтау жүйесін және су шаруашылығы объектілерін дамытуға, су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге және су қорын қорғауға бағытталған».
«Мақсат: су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру арқылы ресурстармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру», - делінген құжатта.
«Адырна» ұлттық порталы