Қызықты сайлау Түркияда өтіп жатыр

3165
Adyrna.kz Telegram

23 маусымда тура 3 күннен кейін Стамбул қаласының біздіңше айтқанда әкімі болуға Екрем Имамоглу мен Ердоғанның досы Биналы Иылдырым қайта сайлауға түседі.

Негізі 31 наурыз күні өткен сайлауда Екрем Имамоглу жеңген. Көп ұзамай сайлау әділетсіз өтті деп есептеліп қайта сайлау өтетін болды. "Әділетсіз сайлау деген" сөз Ердоғанның да аузынан шықты. Ендігі билік партиясына қалғаны қалай да сайлауда жеңіске жетуі шарт.

Түркияда "15 миллион xалқы бар Стамбулды кім билесе келешекте елді сол басқарады" деген ұғым мен сенім бар. Ердоғанның өзі де саяси карьерасын Стамбул қаласының әкімі болудан бастаған. Осы жолы Стамбулда оппозиция үлкен дауыс айырмашылығымен жеңсе, xалықтың басым бөлігі Ердоған саясатына қарсы деген сөз. Егер саяси процесс осылай өрбіп жатса 2023 жылы өтетін президент сайлауына Ердоғанның түспеуі де әбден мүмкін. Харизмасы мол Ердоған саясаттағы тәжірибесімен жеңілетінін білсе 2023 жылы сайлауға түсе қоюы екіталай. Не де болса Түркияда 2023 жылы президент кім болатынын шешетін маңызды сайлау болғалы тұр.

Бауыржан Серікбаев

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер