Илон Маск Қытай электрокарынан сескене бастады

1709
Adyrna.kz Telegram

"Twitter", "Tesla" және "SpaceX" компанияларының иесі  Илон Маск Қытай электрокарынан сескене бастады. Ол қытайлық электрокар өндірушілерге қарсы сауда тосқауылын енгізуді ұсынды. Бұл туралы Reuters жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, қаржылық есеп беру кезінде Tesla басшысы Қытай компаниялары бәсекеге әлдеқайда қабілетті деп айтқан.

Сондай-ақ, Илон Маск Қытай автоөндірушілері шетелде біраз жетістікке жете алады деп мәлімдеді. Ол «Сауда тосқауылы қойылмаса олар басқа әлемдік компанияларды жойып жіберуі мүмкін» екенін айтқан.

Әлемдегі электромобиль өндіретін  ең ірі компания басшысы Қытай брендтерінің тарауын шектеу үшін тыйым салатын баж, бөгеме тариф және басқа ұқсас әдістерді қолдануға шақырады.

Айта кетейік, Тесла электромобиль нарығының көшбасшысы атағын жоғалтты. Ал BYD төртінші тоқсанда калифорниялық компаниядан асып түсті.

Басылым хабарлағандай, Қытай өндірушілері Еуропа нарығында қалай демпинг жасай алатынын анықтау үшін Еурокомиссия тексеруді бастады. Көлік құны мемлекеттік субсидиялар арқасында төмендегені расталса, Еуроодақ аспан асты елінің брендтерін жеткізуді жасанды түрде шектеуі мүмкін.

АВТОВАЗ басшысы Максим Соколов та  Қытай өндірушілерінің Ресей нарығын белсенді түрде жаулап алуын агрессия деп атады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль экспортысаласында Қытай әлемдік көшбасшыға айналды.

Пікірлер