Киік қырғыны жалғасуда. Атырауда 30-дан астам ақбөкеннің өлексесі табылды

1760
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Атырау облысында мүйізі кесілген киіктердің өлексесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Махамбет өңірінен мүйізсіз 30-дан астам ақбөкен табылған. Жануарларды қырған қылмыскердің кім екені әлі белгісіз.

Атыраулық тұрғындар бұл жағдайға облыстық орман шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері мен аңшыларды кінәлайды.

11 желтоқсанда Халықаралық табиғатты қорғау одағы (IUCN) ақбөкеннің (Saiga tatarica) халықаралық Қызыл кітаптағы «Критикалық қауіп төнген» санатынан «Қауіп төніп тұрғандар» санатына көшкенін жариялаған болатын.

Еске салайық, киіктерді қырғаннан кейін "Атырауда ақбөкен етінің бір келісі 1500 теңгеге саудалануда" деген хабарлама тараған болатын.

 

Пікірлер