"Қазақ тілінде жауап береді". Қызылордалық оқушы жасанды интеллект ойлап тапты

2379
Adyrna.kz Telegram
Фото: t.me/SayasatNurbek
Фото: t.me/SayasatNurbek

Қызылордалық жасөспірім жасанды интеллектіні қазақша сөйлетіп, бағдарлама ойлап тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі 24K.Z-ке сілтеме жасап.

Қызылордалық оқушының ойлап тапқан "QAZAQGPT" жобасы шетелдік сарапшылардың да қызығушылығын тудырған.

Асылжан Абдуллаев жасаған жобада кез келген сұраққа қазақ тілінде жауап алуға болады. Бұл Qazaq GPT-дің өзгелерден ең басты артықшылығы екен.

16 жастағы жасөспірім бұл бағдарламаны телефон қосымшаларынан пайдалануға болатындай етіп жасаған.

Рендел Брюнс деген Қазақстандағы АҚШ-тың стратегиялық эдвайзері бар. Сол кісінің алдында қорғаған болатынмын "Қазақ GPT"-ді. Өте керемет пікір берді. Одан бөлек менің ең биік жетістіктерімнің бірі жобалардың жаңашылдығы, қайталанбас жетістік, - деді оқушының өзі.

Тереңөзек кентіндегі мектеп оқушысының жобасы біршама байқауларда топ жарған. Асылжан Абудллаев мектеп қабырғасында оқып-ақ Астана IT университетінің грантын жеңіп алған.

Сурет керек болса сурет салып, дыбыстап жауап беретін, мәтінді де қатесіз жазып, есеп шығара алатын бағдарламаның бүгінде 2 мыңнан аса қолданушысы бар.

Пікірлер