Кремльден қашқандар. Қазақстан Козакқа саяси баспана бермеді

1610
Adyrna.kz Telegram
Фото: The insider
Фото: The insider

"Терроризмді ақтады" деп айыпталған 21 жастағы анархист Денис Козакқа Қазақстаннан саяси баспана берілмеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі The Insider-ге сілтеп.

Қазақстандық халықаралық адам құқықтары және заңдылық бюросы 9 ақпанда ұсталған анархистке саяси баспана берілмейтінін айтты.

Денис Козакты Қазақстанның құқық қорғау органдары Козакты Ресей сұрауымен ұстаған.

Кремлден қашқан анархист Ресейде "терроризмді ақтау" бабымен айыпталған.

"Бұл – Құдайға шүкір, депортацияны қолдануды талап ететін бап емес. Яғни бұл бойынша оны Ресейге депортациялауға болмайды. Алайда ол бұл жақта болу ережесін сақтамаған деп айтылады", - деді  бурят журналисі Евгения Балтатарова Козакқа қатысты материалында.

Анархистке қатысты істің 2022 жылдың маусымында қозғалғаны айтылған.

Одан бөлек, Қазақстанда қамауға алынған белсенділер Айхал Аммосов пен Наталья Нарская да қазір босқын мәртебесін беру туралы өтініштеріне жауап күтуде.

Пікірлер