Үстел теннисінен спорт шебері Жанерке Көшкімбаева Қатар астанасы Дохада өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 жастағы спортшы Бахрейн, Катар, Литва, Пәкістан спортшыларынан басым түсті.
Айта кетелік, бұған дейін ол Қазақстан чемпионатында командалық сында топ жарып, жұптық сында жеңіске жеткен еді.
WTT Youth Contender турнирінде бұған дейін Алан Құрманғалиев бірінші орын алған болатын.