Астанада жиһаз дүкенінде жойқын өрт болды

1729
Adyrna.kz Telegram

Астанада жиһаз цехында ірі өрт болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«23 қаңтарда сағат 21.20-да Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Дүкенұлы көшесі, 31/11С мекенжайындағы өрт туралы хабарлама бойынша әрекет етті. Оқиға орнына жеткенде сағат 21.26-да жоғарылатылған разряд бойынша жиһаз жасау цехында 1200 шаршы метр аумақта жиһаз дайындамалары, пластмасса және резеңке бұйымдары жанып жатқаны анықталды», - делінген сәрсенбідегі хабарламада.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды.

«Өрт сөндірушілердің жедел және келісілген әрекеті өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуының алдын алды. Өрт сөндірушілер өртті сағат 22:40-та ауыздықтап, 23:19-да толық сөндірді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге астаналық төтенше жағдайлар департаментінен 93 адам мен 18 бірлік техника, сондай-ақ Апаттық медицина орталығының қызметкерлері жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Пікірлер