Буаз киіктерді атуға байланысты министр жауап берді

1611
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Ұлытау облысында «Охотзоопром" мекемесінің қызметкері буаз киіктерді атқаны туралы ақпарат шыққан болатын.

Үкіметтің отрысынан кейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа буаз киіктерді ату қаншалықты орынды деген сұрақ қойылды.

Министрдің айтуынша, Совет дәуірінде киіктің саны 1 млн 900 мың, 2 млн маңайында болса, ал 2003 жылы бар-жоғы 21 мың киік қалған. Сондай-ақ ол Үкімет тарапынан біршама іс-шаралар жоспарланғаннан кейін киіктің саны 2,5 млн жеткенін ескертті.

– Ал буыз киіктер бойынша мен сіздерге басқаша айтайын, біз қыркүйектен желтоқсанға дейін аң атуға рұқсат береміз. Тамыз айында қабан, қыркүйекте елік, бұғы, тауешкі күйлейді. Жалпы аңдардың көбі қыркүйек пен қараша айының ортасында күйлейді. Негізі дүниежүзінде жануар күйлеген кезде аңшылық жасайды. Сол себепті бүгін біз биологиялық ғылыми негіздеменің аясында аңшылық жасап жатырмыз. Біз аңшылық жүргізуді ақпанның 20-сынан бастап тоқтатамыз. Сондықтан да тек қана киікті буаз күйінде атып жатырмыз деуге болмайды. Ендеше барлық аңшылықты тоқтатайық. Сіздерге айтарым, әр нәрсені дұрыс түсіну керек. Егер Қазақстанда киікті буаз кезінде атсақ, онда ол бөлек мәселе. Ондайға мен де бармас едім.

Екіншіден айтарым, елде 2,5 млн бұғы бар. Бұл өзі өте өсімтал мал. Өткен жылдың мамыр айында дүниеге келген лағы сол жылдың желтоқсанында күйлейді. Не бәрі 7 айда күйлейді. Елдегі 2,5 млн киіктің теріс әсерін диханшылар көріп жатыр. Ал келер жылы не болады? Биыл мамыр айында 40 пайыз киік төлдейді, – деді министр.

Пікірлер