Батыс Қазақстан облысының Бисен ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді

1875
Adyrna.kz Telegram

20 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысындағы Бисен ауылында 300 орындық жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Нысанның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысыәкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласы қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов бөкейордалықтарды қуанышымен құттықтап, өңірдің мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Кез келген мемлекеттің өркендеуі сол елдің мәдениеті менөнеріне байланысты. Мәдениеттіршіліктің тірегі, ұлыістерге ұйыстырудың бірегей тетігі. Сондықтан, құндымұраларымызды асқақтата түсубәріміздің ортақ парызымыз.

Бүгінде облыста 680 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетуде.

Соңғы жылдары өңіріміздің мәдени-рухани өмірінде маңызызор нысандар пайдалануға берілуде. Оның бәрі жергіліктітұрғындарға тиімді, үздіксіз қызмет етуі тиіс, – деді Тілепберген Каюпов.

Салтанатты шарада Бисен ауылының тумасы, ел ағасы Қуаныш Есеев ауылдастарының атынан ризашылығын білдіріп:

Бисен ауылында Мәдениет үйінің ғимаратыауылтұрғындарының көптен бері көтеріп келе жатқан мәселелердіңбірі болған. Жаңа мәдени нысан ауыл халқының бос уақытынтиімді өткізуіне мүмкіндік береді, - деп жылы лебізін жеткізді.

Сондай-ақ, аталмыш шарада аудан әкімі Нұрлыбек Даумов«Қалдығайты» ЖШС-нің бас мердігері АбылайНұрмұқанбетке ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Мәдениет үйінің символикалық кілті Бисен ауылдық мәдениетүйінің меңгерушісі Екатерина Мукешеваға табыс етілді.

Бұдан соң жаңа нысанның лентасы қиылып, қонақтар менауыл тұрғындары жаңаша жабдықталған мәдениет ошағымен танысты.

Салтанатты шараға қатысушылар жаңа мәдениет ошағынакөңілдері толып, концерт залына бет бұрып, «Бөкей» театрыдайындаған «Қара шекпен» қойылымын тамашалады.

Айта кетейік, мәдениет нысаны «Ауылел бесігі» жобасы аясында бой көтерген.

Құрылысын мердігер «Қалдығайты» ЖШС-гі жүргізді.

Пікірлер