"AMANAT" партиясы Қазақстанның су басқан батыс аймағына гуманитарлық көмек көрсету үшін жол тартты

2750
Adyrna.kz Telegram

"AMANAT" партиясы Қазақстанның су басқан батыс аймағына гуманитарлық көмек көрсету үшін жол тартты. Бұл туралы "AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Құрметті достар! Халықты толғандыратын мәселелерді шешу – «AMANAT» партиясының бірінші кезектегі міндеті.

Өткен аптада партияның республикалық штабының мүшелері үгіт-насихат науқаны кезінде Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына барып, өңірдегі су тасқынының салдарын өз көзімен көрді.

«AMANAT» бұл жағдайды үнемі бақылауда ұстады. Сондықтан дауыс беру аяқтала салысымен, депутаттыққа кандидаттар делегациясы мен партия белсенділері су басқан үйлердің тұрғындарымен кездесіп, гуманитарлық көмек көрсету үшін осы аймақтарға қайта жол тартты. Сондай-ақ, аманаттықтар инфрақұрылым нысандары мен жолдардың жай-күйін тексереді. Олар зардап шеккендердің барлығы келтірілген залал үшін өтемақы алып, аймақтағы жағдайды қалпына келтіру үшін қажетті көмек туралы ақпарат жинайды.

Бағдарламамызда біз еліміздегі инфрақұрылымды жаңғыртуды, қала мен ауыл тұрғындарын маусымдық су тасқынынан қорғап, гидротехникалық құрылыстар жүйесінде тәртіп орнатуды көздеген болатынбыз. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті және бүгінде аса өзекті болып отырған мәселені тікелей төтенше жағдай орын алған аймаққа барып шешпек. «AMANAT» әрдайым халықпен бірге!”, деп жазды ол.

Пікірлер