Түркімен алабайы «Орталық Азия шопан иттері» турнирінің чемпионы атанды

2120
Adyrna.kz Telegram

Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халық Маслахатының төрағасыт Гурбангулы Бердімұхамедов Арқадаг қаласына жұмыс сапары барысында Ресей кинология федерациясынан келген қуанышты хабарды жеткізді. Түрікмен алабайы «Ақ дос» (Ақдус) «Орталық Азия шопан иті» турнирінде екі бағыт бойынша марапатталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Түркімен халқының ұлттық көшбасшысының айтуынша, 2024 жылғы 15-17 қаңтарда Қазан қаласында «Орталық Азия шопан итінен» Ресей кинология федерациясының чемпионатының жеңімпаздарын марапаттауға арналған мерекелік шара өтті. Жеңімпаздар асыл тұқымды, сұлулық және тапсырманы орындау дағдылары негізінде таңдалды.

2024 жылдың 15 қаңтарында түрікмен алабайы «Ақ дос» асыл тұқымдылық пен сұлулық үшін алғашқы марапатты алды. Ортаазиялық шопан иттердің бойы, салмағы, құрылысы және жалпы қабылданған талаптарға сәйкестігі бағаланған.

Ал 2024 жылы 17 қаңтарда түсінігі мен ойшылдығы үшін марапатқа ие болды. Чемпионатқа барлығы 200-ге жуық ит қатысты.

«Ақ дос» Ресейдің әртүрлі қалаларында өткен бірнеше көрмелер мен байқауларға қатысып, әділқазылардың жоғары бағасына ие болып, тәжірибе жинақтады.

«Түркімен Алабай қауымдастығының барлық мүшелерін жоғары марапаттарымен құттықтаймын және өз атымнан алдағы уақытта да табыстар тілеймін», - деді Гурбангулы Бердімұхамедов.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақ дос» алабайын 2021 жылы Ахалтеке және «Түркімен алабайы» халықаралық қауымдастықтарының президенті Сердар Бердімұхамедов Татарстан басшысы Рустам Миннихановқа сыйлаған болатын.

Пікірлер