Оралда көпқабатты үйде пәтер иесі көршілерін улады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Мой город" басылымына сілтеп.
Көпқабатты үйде пәтерін тарақандардан тазаламақ болған әйел өз көршілерін улады. Нәтижесінде тұрғын үйде тұратын бүлдіршін мен тұрғындар ауруханаға түсті.
Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі жағдайдың 23.00-де болғанын айтады.
Көпқабатты үйдің 36 жастағы тұрғыны өз пәтерінде тарақандарды өлтіретін затты шашып жіберген. Кейіннен өзін нашар сезген көршілері жедел жәрдемге жүгінген.
Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі химиялық затпен жаппай ингаляциялық улану болғанын хабарлады.Тұрғын үйдің бес азаматы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген.
Ал зардап шеккендер қатарында 50 жастағы ер адам, 73, 42 және 32 жастағы әйел мен 5 жасар қыз болған.
Еске сала кетейік, Ақтауда қандаладан құтылу үшін дәрі шашқан пәтер иесінің әрекетінен кейін екі бала қайтыс болған еді.