Антикор қызметі жемқорлардың ең жиі қолданатын сөздері мен ым-ишараларымен бөлісті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеп.
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру және алу барысында ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар және орын алатын әрекеттер туралы айтты.
Жемқорлардың "сүйікті" ұсынысына айналған сөздер мен сөз тіркестері: «Осы мәселені шешіп беріңізші», «біздің де пайдамыз тиер», «рахмет айтамын ғой», «көреміз», «хабарласамыз ғой», «шешуге болады, бірақ нақты ештеңе айта алмаймын», «мүмкіндігіңізді пайдалансаңызшы», «келісеміз ғой», «қашан, қайда барып, не істеу керектігін айтасыз ғой», «жақсы жаңалықпен қуантасыз деп ойлаймын».
Қазақпараттың дерегінше, пара берген және алған адамдар жиі саусақтағын ысқылап, бас изеп, көзбен ымдап, қалтасын қағу, ұялы телефон, калькулятор арқылы соманы көрсету, қол алысу арқылы белгі береді екен.