Қазақстандық мергендер Азия чемпионатында үш жүлдеге ие болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Кувейтте өтіп жатқан стенд атудан лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, Қазақстан жастар командасы «скит» жаттығуы бойынша жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды. Ал команда құрамында Максим Почивалов, Ратмир Еникеев пен Илья Пеньков өнер көрсеткен.
"Скит" жаттығуы бойынша жасөспірімдер арасындағы жекелей сында Илья Пеньков қола медальға қол жеткізді.
"Скит" жаттығуы бойынша Қазақстанның әйелдер құрамасы командалық жарыста қола жүлдені қанжылады. Команда мүшелері Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина үштігі құрлықтағы үздіктер қатарынан көрінді.