"Көктайғақ, бұрқасын, тұман". Еліміздің 8 қаласында ескерту жарияланды

2667
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/erten-k-ar-aralas-zhan-byr-zhauady_1693805945-960x500.jpg?token=0ec50ec89bd028faaba04a9f4911ef94
Метеорологтар еліміздің 8 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі 8 қалада: Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Қарағанды ​​және Теміртауда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде. Метеорологтар 21 қаңтарда Қазақстан аумағындағы ауа райына тоқталды.
"Бұрынғыдай республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Мұнда қар, көктайғақ және бұрқасын болады, тұман және желдің күшеюі күтіледі", - делінген метеорологтар хабарламасында.
Сондай-ақ, еліміздің үш облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды.
Пікірлер