«Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы» бағытындағы автожолдың бір бөлігіне шектеу қойылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
3 қарашадан бастап «Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы» бағытындағы KAZ02 автожолының бір бөлігінде көлік жылдамдығына шектеу енгізілді,
«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, Ақмола облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты 110-нан 80 шақырымға дейін төмендету қажет.
Ал 4 қараша сағат 01:00-ден бастап Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «KAZ01 Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығында (Анар стансасынан Теміртау қаласына дейін) көліктің барлық түрлері үшін жылдамдық шектеуі 140 км/сағ-тан 80 км/сағ-қа дейін төмендетілді.
Мамандар жүргізушілерге жол ережесін сақтап, жолдағы жағдай туралы хабарламаларды қадағалап отыруды ескертеді.