Канвон-2024 олимпиадасында қазақстандық спортшы жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
"Канвон-2024" жасөспірімдер олимпиадасында 38 спортшымен сайысқан қазақстандық спортшы Илья Мизерных алтынға қол жеткізді. Бұл жүлде еліміз үшін тарихи жеңіс болды.
Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 214 ұпай жинаған Илья Мизерных чемпион атанды.
Екінші орынға Аустралия спортшысы Ники Хаммл жайғасты. Польшалық Лукаш Лукащук 209,7 ұпай жинап, үштікке енді. Ал төртінші орында 124,4 ұпаймен Қазақстан спортшысы Илья Шильниковтың есімі аталды.
Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында еншілеген жүлде ел арихындағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын болып тұр. Себебі бұған дейін спортшыларымыз 3 Олимпиадада 1 күміс, 4 қола жүлде алған еді.